Қазақстан кәсіпкер әйелдер үлесі бойынша әлемде екінші орында
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың 43 пайызы әйелдер. Бұл туралы «Даму» қорының мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
Оның айтуынша, кәсіпкер әйелдер саны бойынша дүние жүзінде Канада бірінші орында екен. Ондағы кәсіпкерлердің 47%-ы әйелдер, ал Қазақстан 43 пайызбен өзге дамыған елдерді артта қалдырған.
Елімізде гендерлік саясатқа да үлкен көңіл бөлініп отыр. Оның үстіне кәсіппен айналысқысы келетіндердің көпшілігі әйелдер. Олар әсіресе білім беру, медицина, жылжымайтын мүлік, сауда-саттық және мейрамханалар мен қонақжайлар ашып жұмыс істеп жатыр. Яғни, әйелдер өндірістен гөрі осы салаларға бейім,-дейді ол.
Сонымен қатар ол әйелдердің 53 пайызы жеке кәсіпкер екенін, қалған жартысы заңды тұлға мен шаруашылық, ферма қожайындары екенін жеткізді.
«Даму» қорынан көмек алған кәсіпкерлердің 50 пайызы әйелдер. Олардың статистикалық портретіне келер болсақ, олар әдетте жеке кәсіпкер, сауда-саттықпен айналысады. Он шақты адамды жұмыспен қамтыған, жыл сайын 3 млн теңге шамасында салық төлейді. 67 млн теңге орташа жылдық түсімі бар. Бір сөзбен айтқанда біздің әйелдер өте белсенді,-дейді Гүлсая Зейнелғабдина.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры өкілдеріунің айтуынша, еліміздегі халықтың 3,3 млн-ы шағын және орта бизнесте жұмыс істеп келе жатыр екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы