Қазақстан халықтық партиясы үміткерлер тізімін бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халық партиясынан алдағы депутаттық сайлауға 125 үміткер қатысады. Бұл туралы бүгін партияның кезектен тыс XVI съезі барысында партияның хатшысы Жамбыл Ахметбеков мәлім етті. 

Оның айтуынша, тізімге кәсіби білікті адамдар таңдалған.

Саяси шоу жасауды мақсат тұтпадық. Партияның тізіміне кандидаттарды  атқарған еңбегі мен жетістігіне қарап таңдадық. Өз міндетін адал әрі сапалы атқаратын, қиындықтарға төзе білетін жандарды іріктедік,- деді ол. 

Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, таңдалған депутатардың үлес салмағы бойынша партия барлық талаптарға сай. 125 адам таңдалды, оның ішінде ерлердің үлесі 89 адам, яғни 71,2 пайызы, ал әйелдер 36 адам болып,  28,8 пайызды құрады.  Жастардан тоғыз адам енгізіліп, 7,2 пайызды құрады. 

Депутаттардың орташа жасы 46 жас. 

Партия үнемі алдына қарапайым халықтың мүддесін қорғауды қойып келді. Қазақстан халқы біздің идеялар мен бастамаларды қолдайды деп үміттенеміз, - деді ол.

Бұған дейін партия төрағасы Айқын Қоңыров мақсат парлементке өту емес, халық мәселесін көтеру деген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы