Қазақстан Халық партиясының төрағасы сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып Айқын Қоңыров сайланды.

Қоңыров Айқын Ойратұлын Қазақстан Халық партиясының төрағасы етіп сайлау ұсынылады, - деді партияның кезектен тыс XV съезінде Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі Виктор Смирнов.

Резолюцияны конгресске қатысушылар бірауыздан қабылдады.

Сонымен қатар, партияның жаңа хатшылары сайланды. Олар - Жамбыл Ахметбеков, Гауһар Нұғыманова, Виктор Смирнов, Тұрсын Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, съезде партияның ребрендингі туралы шешім қабылданып, атауы өзгерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы