Қазақстан Халық партиясы «Фурманов» шыңын бағындырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалы мен «Киров» әскери-патриоттық клубының өкілдері оңтүстік астананың маңындағы тауларда ерекше шара өткізді.
Белсенділер тобы Фурманов шыңына (биіктігі шамамен 3000 метр) көтеріліп, шың басына ҚХП символикасы бейнеленген баннерді орналастырды.
ҚХП мен «Киров» клубы мұндай бірлескен шараны бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырған. Олар «Турист» шыңын (3954 метр) бағындырған еді. Осы жылдың тамыз айында бір топ партия белсенділері Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының 100 жылдығына орай «Пионер» шыңына (4031 метр) көтерілді.
Бұл жолы жылдың мезгілі мен ауа райын ескеріп, Фурманов шыңын бағындыру қолға алынды. Температураның төмендігі мен тау жолдарының қаттылығы таңдалған маршруттың күрделі болатынын бірден байқатты. Алайда табанды альпинистер шыңды ойдағыдай бағындырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белгілі хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы