13 Ақпан 2021 2021, 11:19

Қазақстан халқының саны 19 млн-ға таяды

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстанда халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша 18877,1 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 11149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7727,4 мың адам (40,9%).

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді. Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш аймақта: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам) айтарлықтай байқалды.