Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Дауыс берген соң Президент БАҚ-тың сұрағына жауап берді.
Жалпы, Парламентке неғұрлым көп партия келсе, біздің еліміздің болашағы үшін соғұрлым жақсы болады. Сондықтан сайлау жақсы әрі әділ өтеді деп ойлаймын. Ең маңызды мәселе – заңдарды сапалы қабылдау. Қазақстан үшін сапалы заңнама жүйесі болса, бұл елімізге де, халқымызға да үлкен жәрдем болады. Барлығымыз осы мүмкіндікті пайдаланып, дауыс беруіміз керек, - деді ол.Президент сайлауға көтеріңкі көңіл-күймен келгенін айтты.
Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр. Белсенділік өте жоғары. Сондықтан сайлау жақсы өтеді деп ойлаймын. Қазақстан болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз, - деді ол.Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең барлық оқушы қашықтан оқиды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы