Қазақстан елшісі Солтүстік Македонияның басшылығымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысымен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық проблемалар, оның ішінде Балқан өңіріндегі ахуалы талқыланды.

Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдрашов Солтүстік Македония Республикасына жұмыс сапары аясында Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заевпен, Ассамблея (Парламентінің) спикері Талат Джаферимен, Вице-премьер-министр Фатмир Бетичимен, Экономика министрі Крешник Бектешимен, ЕҚЫҰ ПА Македония делегациясының жетекшісі Игорь Янушевпен және Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік достық тобының жетекшісі Энес Ибрагиммен, сондай-ақ басқа да СІМ-де кездесулер өткізді.

Қазақстан елшісі сұхбаттасушыны Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы, елді одан әрі реформалау және қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде премьер-министр Солтүстік Македония Қазақстанмен өзара тиімді негізде саяси диалогты одан әрі белсенді нығайтуға және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ниетті екеніне сендірді.

Қазақстандық дипломаттың Солтүстік Македония Парламентінде кездесуінің мәні парламентаралық ынтымақтастықты дамыту болды. Тараптар заң үстемдігін нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында заң органдары, оның ішінде екі ел депутаттарының достық тобы арасындағы байланыстарды қарқындатуға мүдделілікті атап өтті.

Экономикалық мәселелер жөніндегі вице-премьер Ф.Бетичимен елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимыл және қарым-қатынастарды тереңдету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығындағы, энергетикадағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ өңірлік және көліктік ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Македониялық тарап Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде қарастыра отырып, екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүдделілік танытты.

Үстіміздегі жылы екі ел арасындағы сауда және іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беретін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Македония Үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысын Скопье қаласында өткізу қазақстандық дипломаттың Экономика министрімен кездесуінің негізгі тақырыбы болды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстанға инвестиция тарту мақсатында Солтүстік Македонияның іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы