Қазақстан елшісі Бельгия Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Король сарайындағы аудиенция барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебіздерін жеткізді. Елші Президент Қ.Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформалар, Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы айтты, сондай-ақ Король Филипппен және оның әкесі Король Альберт II-мен жылы достық қатынаста болған Н. Назарбаевтың Қазақстан-бельгия ынтымақтастығын қалыптастырудағы тарихи рөлін атап өтті, - делінген СІМ ақпаратында. 

Өз кезегінде Король Филипп Президент Қ. Тоқаев пен Елбасы Н. Назарбаевқа және барша қазақстандықтарға игілік тілеген.


Бұдан бөлек тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси, сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, пандемиямен күресу және халықты егу тәжірибесімен бөлісті. 

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын атап өтті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы