Қазақстан бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасайтын ТОП-20 елдің қатарына кіруі тиіс – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Мықты кәсіпкерлік класс құру жөніндегі жаңа тәсілдерді іске асыру ШОБ-та жұмыс істейтіндердің санын 2025 жылы 4 млн адамға дейін арттыруды қамтамасыз етеді. Жыл сайынғы өсім 100 мың адамды құрайды. Биыл  ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 3,6 млн адамға жетеді, - деді Мамин. 

Ол атағандай, ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі биыл осы көрсеткіштің мәнін 2025 жылы 35%-ға дейін жеткізе отырып, 30,5%-ға дейін өседі.

Экономиканы одан әрі индустрияландыру шеңберінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,5 есеге артады. 2021 жылы өсім 10,8%-ды құрайды, 2025 жылы жыл сайын 51%-ға дейін ұлғаяды. Іскерлік ортаны жетілдіру жөніндегі жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстан әлемде бизнес жүргізудің неғұрлым қолайлы жағдайлары бар ТОП-20 елдің қатарына кіруге тиіс, - деді ол. 

Мамин атағандай, 2025 жылға дейін өз бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 250 млрд теңгеге микрокредиттер беріледі.

Биыл шағын несие 8 мың азаматқа берілетін болады. 2025 жылға қарай 12 мыңға дейін арттыру көзделуде, - деді Мамин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы