Қазақстан аумағында суға батып кеткен 10 кеменің қалдығы бар – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте көлік мәселелеріне қатысты заңға енгізілген өзгерістер таныстырылды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Осы жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы батып кеткен кемелерді шығару туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялады. Заң жобасында кеме иесінің суға батқан мүлікті көтеру жөніндегі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі міндетін белгілейтін Конвенция талаптарын имплементациялау жөніндегі нормалар көзделген, - деді вице-министр.Айтуынша, ұсынылған нормалар Қазақстанға суға батқан кемені көтеру бойынша шығындарды өтеу туралы талаптарды тікелей сақтандыру компаниясына ұсынуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ИИДМ мәліметі бойынша қазіргі таңда Қазақстанның аумақтық суларында батып кеткен 10 кеменің, оның ішінде ирандық Tiba құрғақ жүк кемесінің (2015 жылы батып кеткен) және ресейлік «Аракс» кемесінің (2016 жылы батып кеткен) қалдықтары бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы