Қазақстан аумағында күн тұтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл ерекше сәтті 60 мемлекеттің тұрғындары тамашалады. Сирек болатын астрономиялық құбылысты қазақстандықтар да көрді. 

"Хабар 24" телеарнасының мәліметіне қарағанда, Күннің тұтылуы, әсіресе, еліміздің солтүстігінде ұзағырақ сақталған. Павлодар, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларында тұтылған күн 36 пайызға көрінген. Аспан құбылысы кешкі 6-да басталып, бір сағатқа созылды. Күнді ай тасалап, дөңгелек диск тәріздес болып көрінді.

Астрофизиктер биыл күн 4 мәрте тұтылатынын айтады. Күннің ең ұзақ уақытқа тұтылған сәті 2010 жылы 15 қаңтарда тіркелген. 

Қызығушылық танытатындар өте көп. Космоспен байланысты кез келген құбылыс адамзат үшін жаңалық. Таңғажайып сәтті тамашалау да бір ғанибет. Бұл туралы ғалымдар да зерттеп, өз болжамдарын айтып жатыр, - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Геннадий Кузьмин. 

Ал профессор Андрей Солодовник Күннің тұтылуы Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда солтүстікте ұзағырақ байқалатынын айтады. 

Аспан құбылысы өзге өңірлерге де көрінуі тиіс. Сондықтан жұрт бұл сәтті бір мезетте тамашалады десе де болады, - дейді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы