Қазақстан арзан бензин рейтингісінің ондығына енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық бензин бағасының төмендігі бойынша 167 елдің ішінде сегізінші орынға тұрақтады, жеп жазды energyprom.kz.
Қазақстандық бензиннің бағасы 170,2 теңгені құраған, бұл көршілес Түркіменстан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстанмен салыстырғанда төмен.
Бензин бағасы төмен елдердің рецтингісінің басында Венесуэла, Иран мен Ангола тұр. Ал ең қымбат безин Сирияда. Мұнда оның бағасы теңгеге шаққанда литрі үшін 1,1 мыңды құрайды.
Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау мен реформалау агенттігінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың желтоқсан айында елде бензин бағасы оның алдындағы жылмен салыстырғанда біраз қымбаттаған.
АИ-95/АИ-96 маркалы бензин 0,8 пайызға қымбаттап литрі үшін 171,3 теңгеге жеткен, АИ-98 маркалы бензин 1,4 пайызға қымбаттап литрі үшін 190,2 теңгені құрады, АИ-92 2,7 пайызға өсіп литрі үшін 150,6 теңгені құрады.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елде 4,5 млн тонна бензин өндірілді. Алдыңғы жылы да сонша мөлшерде өнім өнідірілген.
Өңірлер бойынша өндіріс көлемі жағынан көшті Шымкент қаласындағы «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС бастап тұр. Мұнда бензиннің 2 млн тоннасы өндірілген. Одан кейінгі орында 1,4 млн тонна бензин өндірген Павлодар мұнайхимия зауытына тиесілі болса, 1 млн тонна бензин өндірген Атырау мұнайөңдеу зауыты үшінші орында.