Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдың басынан Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзиттік тасымал 351,6 мың жиырмафуттық баламаны құраса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінде қол жеткізілген көрсеткіштен 38% көп.

Қытай/Азия – Еуропа – Қазақстан – Қытай/Азия – Қытай/Азия негізгі контейнерлік транзит бойынша қарқын сақталып, Орталық Азия елдерімен қатынастағы контейнерлік тасымал 51% артып отыр. Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік транзиттік тасымал өзге де бағыттар бойынша өскен.

Атап айтқанда, Траскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2,9 мың ЖФБ контейнері жеткізілсе, бұл өткен жылғыдан 60% артық.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ сенімді басқаруындағы Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымал көлемі 1,8 мың ЖФБ құраса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 15 есеге көп. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы