Қазақстан Африкада онкологияны емдеудің инновациялық әдістерін енгізуге бастамашы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тембекиле Мандела қорының негізін қалаушы және бас директоры Ндилека Мандела мен The Diplomatic Informer бас директоры Сьюзан Новела денсаулық сақтау саласына инновацияларды енгізу мәселелері жөніндегі G-Global халықаралық жобасының бас кеңесшісі Нұрлан Хамзабаевпен іскерлік кездесуі өткізді.

Ндилека Мандела - Нельсон Манделаның үлкен немересі. Нельсон Мандела - Оңтүстік Африка республикасының тұңғыш президенті, Нобель сыйлығының лауреаты. Оның қоры БҰҰ – ның «Күн тәртібі-2030» бағдарламасы аясында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға, жастар мен әйелдерді дамыту үшін мүмкіндіктерді ілгерілетуге және жасауға, Африка мен әлемдегі адамдар үшін өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Кездесу аясында ОАР қонағы HIFU INNOTECH қызметімен егжей-тегжейлі танысты.

Өз кезегінде Нұрлан Хамзабаев ісікті ультрадыбыспен күйдіру арқылы обырды емдеу әдістемесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Нұрлан Жанғалиұлы әлемде теңдесі жоқ онкологиялық ауруларды емдеу бойынша 16 авторлық туындының иегері екенін атап өткен жөн.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның басты мақсаты - Африка елдерінің денсаулық сақтау жүйесіне онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдістерін енгізу.

Кездесу соңында Нұрлан Хамзабаев Қордың онкология саласындағы инновациялар жөніндегі бас кеңесшісі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы