«ҚазАқпарат» ҚХА байқауының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Алдымен баршаңызды келе жатқан ұлы мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздің 30-шы жылын межеледік, айтар дүние көп. Ол туралы айтылып та жатыр. Еліміз осы уақыт ішінде айтулы жетістіктерге жетіп келеді. Ол Елбасы жүргізген саясат пен халық бірлігінің арқасында келіп отыр. Бүгінгі шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, ассамблея жұмысына еңбек сіңірген азаматтар мен өңірлерден келген құрметті қонақтар қатысып отыр, - деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

ҚХА-ның «Шаңырақ» республикалық байқауы - БАҚ саласындағы дәстүрлі шара. Оның мақсаты татулық пен бірлік, қоғамдық келісімді насихаттау. Осы салада үздік деп танылған журналистердің материалдары ерекше аталды.

Байқау екі кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық. Республикалық кезеңге 40-тан астам материал өткен. Оның ішінде 9-ы үздік деп танылды.

Сонымен халықтар татулығын насихаттауға үлес қосқан байқауда үздік деп танылып, І орынға «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ жайғасты.

ІІ орынды «Azattyq ruhy» ақпараттық агенттігінің тілшісі Надежда Палинка, «KAZAKH TV» телеарнасының тілшісі Алевтина Мадиярова, Алматы облысы Қаратал аудандық «Қаратал» қоғамдық-саяси газеті.

ІІІ орынға STAN.KZ ақпараттық порталының тілшісі, Жамбыл облысы бойынша «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Saryarqa» телеарнасының шеф-редакторы ие болды.

Бас жүлдені «Бүгін» бағдарламасы алды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен статуэткаларға ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы