«ҚазАқпарат» басшысы шетелдегі қазақ баспасөзі сайтын ашу мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы Елдос Нәшірәлі Шетелде қазақ тілінде жазатын бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығының құрылуына арналған шарада айтты.

«Отандастар» қорына бұл бастаманы соңына дейін жеткізгені үшін алғыс білдіреміз. Қауымдастық құрып, барлығының басын қосып, мәселе талқылау деңгейіне жетіп отырмыз. Қауымдастықты тек қағаз жүзінде ғана емес, одан әрі дамыту бойынша жұмыс істеу қажет деп ойлаймыз. Осы орайда біздің тараптан бірқатар ұсыныс бар. Біріншіден, тәжірибе алмасу мәселесі тұр. Қазақ баспасөзінің тілшілері біздің елге келіп, тәжірибе алмасып,өздері де бөліссе деген ұсыныс бар. Бұл бастаманы Қауымдастықтың бір бағыты ретінде қарастырған дұрыс болар еді, - деді ол. 

Нәшірәлі айтқандай, «ҚазАқпарат» сайтында апта сайын қазақ баспасөзіне шолу жасалады. 

Шетелде қазақтілді 88 баспасөз бар екені белгілі. Солардың барлығын қамтып, кеңейтіп, шолуды апта сайын жариялап, бір-бірімізбен бөлісіп, тыныс-тіршілігімізді біліп отырсақ, жақсы болар еді. Мүмкін, Қордың сайтынан арнайы тауар жасау керек пе? Осы мәселені қолға алсақ. Үшіншіден, толығымен интернетте жұмыс істейтін ақпарат агенттігі болғандықтан, интернеттің маңыздылығын білеміз. Біздің білуімізше, Монғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақтілді баспасөздердің сайттары жоқ. Бұл екі жыл бұрын көтерілген мәселе. Бірақ жағдай қатты өзгермеген шығар. Сондықтан осы мәселені де қолға алып, қандастарға интернетте арнайы парақша ашып, қолжетімді етуге көмектессек деген ұсыныс бар, - деді Елдос Нәшірәлі.

Айта кетейік, бүгін тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының қауымдастығы құрылды.


 


 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы