Қазақфильм "Мұқағали" фильмінің түсірілімін бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақфильмде" "Мұқағали" көркем фильмінің түсірілімі басталды. Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді.
Фильмнің режиссері танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.
«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында»,- дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.
Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.
Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын мақұлдады
Келесі жаңалық
Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы