Қазақ тіліндегі стендап трендте – Нұрмахан Мұқанұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланды. 

Қазақстандық youtube-блогер, сценарист, стендапер Нұрмахан Ахметов пандемиядан кейін интернет желісінің трендінде қандай жобалар болуы мүмкін екенін айтты. 

Қазір интернетте көп қаралым жинайтын – подкаст секілді дүниелер. Одан кейін байқап жүргеніміздей, веб-сериалдар. Сондай-ақ, меніңше, қазір трендке айналып бара жатқан жоба – қазақ тіліндегі стендап. Жалпы, бұл жобалар үлкен қорқынышпен басталған дүние еді. Әйтсе де көпшілік көреді екен, – дейді ол. 

Сонымен қатар блогердің пікірінше, қазақ тілді аудитория жыл сайын артып келеді. 

Қазір кез келген жерде концерт өткіземіз десек, екі-үш сағатта билеттер өтіп кетеді. Афишасын алып тастауға тура келеді. Қазір көрерменге бұл жанрдың көпшілікке жеткеніне қуаныштымыз, – дейді ютубер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы