Қазақ мәтіндері халықаралық кеңістікте танымал болатынына сенімдіміз – Анар Фазылжан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, белгілі ғалым Анар Фазылжан «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша өткен алқалы отырыста айтты. 

Жетілдірілген жаңа әліпби 31 таңбадан тұрады. 4 диакритикалық белгі алынған, ол белгімен 6 әріп жазылған. 31 таңба қазақтың төл дыбыстық жүйесіндегі 28 дыбыстың әрқайсысына берілген әріптері бар. Кирилл графикасындағы 11 таңбаның белгісі жоқ. Қазақтың әріптерін 42 әріппен жазған ыңғайлы ма, әлде 31 әріппен бе? Демек, бұл - болашақтың әліпбиі. Лег-легімен келіп жатқан коммуникацияны қағазға түсіруде оңтайлы әліпби болады деген тұжырымдаманы ғалымдар шығарып отыр, - деді Анар Фазылжан. 

Оның айтуынша, умлаут халықаралық әліпби жүйесінде бір ғана семантикалық мазмұн бар. Ол  - дауысты дыбыстың жіңішкелігін білдіру. 

Сондықтан қазақ мәтіндері халықаралық кеңістікте танымал болатынына сенімдіміз. Қазақ тілін білмейтін кез келген жаһанияттың азаматы қазақ тіліндегі жіңішке дыбыс екенін умалут бойынша біле алады. Макрон диакритикалық белгісі арқылы қыса «ұ» дыбысын таңбалап отырмыз, - деді ол.  

Анар Фазылжан айтқандай, кейбір халықаралық әлемге танымал атауларды ағылшын тіліндегі қысқарту нұсқасымен мәтін ішінде дұрыс екенін ғалымдар шешкен. 

Осы әліпби мен емлені пайдалансақ, ықшам, қазіргі заманғы креативті жазудың иесі болатынымызға ғалымдар сенімді, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы