Қазақ күресі. Павлодарда қыздар арасында сайыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Баянтау" спорт сарайында қазақ ұлттық күресі бойынша ерлер мен әйелдер арасында екі күндік турнир өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Туризм мен спортты дамыту жөніндегі өңірлік басқарманың мәліметінше, жарыстар спортты насихаттауға және ұлттық түрлерін жастар арасында танымал етуге бағытталған.                                                                                            

Чемпионатқа 99 спортшы қатысты, - деп хабарлады ведомствоның бас маманы Еламан Махамбетов. - Ерлермен қатар  12 әйел адам күресті. Спортшылар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, сондай-ақ Шарбақты, Железин, Ақтоғай, Успен, Баянауыл аудандарынан, Аққулы және Тереңкөл аудандарынан келді.

Өз салмақ дәрежесінде ақсулық Әбдіғалым Хизатбек (55 кг), Асхат Окенов (74 кг), Амри Багустар (100 кг), ақтоғайлық екі спортшы Қобыланды Заиргельдинов (66 кг), Мұхаммедқали Сейтақ (90 кг) мықтылар атанды. 

60 кг салмақта облыс орталығынан Еламан Асылбеков, Екібастұздан Ислам Жаңбырбаев - 82 кг және Баянауыл балуаны Мұхтар Дәлелханұлы +100 кг бірінші орынды иеленді.

Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша қараша айында Семей қаласында өтетін ҚР чемпионатында өнер көрсететін облыс құрамасы құрылады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы