Қазақ боксы бұрынғы орнында қалып қойғандай – бапкер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір бүкіл әлемде спорт саласы өсіп, өркендеп жатыр. Бұрын бокстан әлсіз елдер қазір алдыға шығып кеткен. Ал, біздің бокс бұрынғы орнында қалып қойғандай. Бұл туралы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, QAZAQ BOXING залының бапкері Мұхит Амантаев «Желмая» жобасында айтты.

Оның айтуынша, қазақ боксына өзгеріс керек және оны кешенді түрде енгізу қажет.

Қазір бүкіл әлемде спорт саласы өсіп, өркендеп жатыр. Бұрын бокстан әлсіз елдер қазір алдыға шығып кеткен. Ал, біздің бокс бұрынғы орнында қалып қойғандай. Соны өзгерту керек. Балалармен жұмыс жасау, жаттығу, техника, психология басқа тұстарын реттесе келесі Олимпиадада мықты болып барамыз деп ойлаймын. Осы жолы боксшыларымыз жоқ дегенде екі қола алып келді. Оның үстіне халық басқа спорт болмаса да осы бокстан алтын алады деген үмітте болды. Бұның өзі бокс біздің ұлттық спортқа айналғанын көрсетеді, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол төрешілер бұра тартпас үшін қарсыластан оқ бойы озық тұру қажеттігін айтады.

Токиода 52 келіде өнер көрсеткен боксшымыз Сәкен Бибосыновтың жолын төрешілер кесті деп жатыр. Ондай болмағанда ол алтын алып келер ме еді. Жалпы төрешілер тарапынан бұрмалаушылықтар болып тұрады. Бірақ боксшыларымыз айқын басымдылық таныту керек. Қазір 3 минуттан үш раундтқа шығасың. Бар болғаны 9 минут. Бұл аграссивті бокс. Сол үшін бірінші раундтан бастап жұмыс жасау керек. Қарсыласты бірден қыспаққа алып, қысым жасап, көп соққы жасап алдыға жүріп отыру керек. Яғни бокс мектебін көрсете білуің керек. Төрешілер мінез танытып, жеңіске ұмтылған адамға басымдық береді, - дейді бапкер.

Сонымен қатар ол Өзбектердің боксы қазір көп өзгергенін айтып, олардың ұтымды тұстарын атап өтті.

Өзбектерде қазір жаттығу үрдісінің өзі басқаша өтеді. Оларда жылдамдық, бокс мектебі, жұдырықтасу, барлық жағынан өзгеріс енгізген,-дейді ол. 

Айта кетсек, Токиода өткен олимпиада ойындарында боксшылармыз Сәкен Бибосынов пен ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев қола медальді ұтып алған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы