Қазақ боксшы титулды жекпе-жекте қарсыласын бірінші раундта құлатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші орта салмақтағы қазақстандық проспект Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) венесуэлалық Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) жеңуі бокс пен ММА туралы жазатын ресейлік vRINGe.com басылымын таңдандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек Дубайдағы шоу аясында өтіп, бірінші раундта аяқталды. Осылайша, әуесқойда 2019 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері кәсіпқойдағы үшінші айқасында WBC International титулын қорғап қалды.  

Дубайдағы жыл нокауты. Құлахмет Рондонды сұлатты. Жекпе-жектің бірінші минутында Құлахмет оң жақ хукпен жағынан ұрып құлатты. Ол тұрды, жұдырықтасуға тырысты, бірақ, көп кұтпей одан ауыр соққы алды. Венесуэлалық канвасқа екбетінен жатып қалды, төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты. Құлахмет КО 1, - делінген мәтінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы