"Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Баян Алагөзованың жыл сайынғы "Қазақ аруы 2021" сұлулық байқауы өтті. Ақтөбелік 22 жастағы Аружан Аманжолова жеңімпаз атанды. Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram-да жазды.

"Қазақ аруы 2021" байқауының жеңімпазы - 22 жастағы Аружан Аманжолова телеарнада жұмыс істейді, "Қайырлы таң, Ақтөбе!" бағдарламасын жүргізеді.

Аружан Аманжолова 22 жаста. «Ақтөбе ТВ» телеарнасында «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасын жүргізеді. Журналистикаға деген махаббатын телевизия ардагері Н.Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайық» деген сөздері оятқан. Қоғамға айшықты ақпарат беріп, ұлтының жанашыры болуды кәсіби миссиясы, ал ұлтсүйер, ұлтына қызмет етер ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсаты деп біледі - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Еске салайық, "Қазақ аруы 2020" атағының иегері Алматы облысынан келген 20 жастағы Нарқыз Айдарова болған еді. Тәжді оған 2019 жылдың жеңімпазы павлодарлық Сәния Темірханова табыстаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы