Қазақ актерлері Каскадерлік Оскарды алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жайдарбек Күнғожинов пен Nomad Stunts командасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жарыққа шыққан «Томирис» фильмінде трюктерді қойғандары үшін жеңіп алған Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді Taurus сыйлығы Алматыға жеткізілді.

Көптен күткен сәлемдемені алғаннан кейін каскадерлер жеңіс қуанышын фильмнің режиссері Ақан Қарғамбайұлымен бөлісті. Салмағы 12 келі, жезден жасалған мүсін өз өлшемдерімен таң қалдырады.


Бұл сыйлық біздің мамандықтағы ең жоғарғы марапат. Бұдан кейін тек келесі Taurus қана мақсат бола алады, - дейді Жайдарбек Күнғожинов.
Біз тағы бір мәрте осы үлкен жетістікке жеткен каскадерлерді, режиссерді және «Томирис» фильмінің бүкіл түсірілім тобын құттықтаймыз және жоғары деңгейдегі жаңа жеңістерді күтеміз, – делінген киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы