KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінде өтетін лотореяда үш қошқар ұтысқа тігіледі
Астанада ауыл шаруашылығы саласына арналған екі маңызды шара өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл Орталық Азиядағы KazAgro (өсімдік шаруашылығы) және KazFarm (мал және ет-сүт өнеркәсібі) ірі көрмелері.
Көрмелер аясында түрлі байқаулар, жиындар және басқа да интерактивті іс-шаралар өткізіледі.
Оның бірі лотерея болады, онда көрменің барлық қатысушылары арасында үш қошқар ойнатылады.
Қатысу үшін kazagroexpo.kz сайтында көрме қонағы ретінде тіркелу жеткілікті. Айта кетейік, қазір тіркеу ашық. Ұтыс ойыны сағат 16:00-де өтеді және тек сол сәтте қатысатындар арасында ұйымдастырылады. Көрмеге қатысу тегін.
Сондай-ақ бүгін және ертең «Үздік сауыншы» байқауы өтеді, оған да ниет білдіргендердің барлығы қатыса алатынын атап өтеміз. Шарттары: қатысушылар 2 минут ішінде ең көп сүт саууы керек.
Кеше өткен жарыста екі адам жеңіске жетті. Ерлер арасында көрмеге Ақмола облысынан келген Аяз Жеңісов жеңімпаз атанды. Қыздар арасында көрме туралы хабар таратуға келген «Қазақстан» телеарнасының журналисі Әйгерім Хамит жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға 25 келі ұн мен азық-түлік букеттері берілді. Барлық қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары үлестіріледі. KazAgro/KazFarm көрмесіне 20-дан астам елден 300-ден астам түрлі компаниялар мен ұйымдар қатысуда.
Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа елдердің өкілдері бар.
Көрменің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрады.
Көрме қатысушылары мен қонақтары агрономдарға арналған жаңа қосымшаның, мал шаруашылығына арналған жаңалықтардың тұсаукесерін күтуде; жаңа КамАЗ жүк көліктері мен ауыл шаруашылығына арналған көліктер, мамандандырылған шетелдік техника, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының алғашқы ішкі нарығы, сондай-ақ әртүрлі интерактивті іс-шаралар, конкурстар, семинарлар мен шеберлік сабақтары.