Қаза тапқан полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысында екі бірдей полицей бір мезетте қаза тапты. Олар қызмет бабымен түнгі патрульден қайтып келе жатқан, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Қызмет бабында қаза тапқан Отарбаевтың 3 баласы бар болса, Хамидуллиннің 7 жасар ұлы мен аяғы ауыр әйелі бар. Осы оқиға бойынша жол апатына кінәлі Lexus автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Бірнеше рет сотталған.
Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ облыстық Полиция департаменті қызмет барысында мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Жалпы, тәуелсіздік жылдарында ақмолалық 25 тәртіп сақшысы қызмет барысында қаза тапқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас санитар Корей кеспесінің саудасына тыйым салды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы