Қаза тапқан әскери прокурордың отбасына мемлекеттік награда тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратурада Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқан Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовті еске алды.

Іс-шараға прокуратура қызметкерінің анасы - Ділда Қапезова, жұбайы - Әсемгүл Қапезова, балалары, жақын туыстары, сондай-ақ прокуратура органдарының ұжымы қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғизат Нұрдәулетов Ділдә Қапезоваға I дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды, оның ұлын қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін марапаттаған болатын.

Әскери прокурордың анасына ұлын және нағыз офицерді лайықты тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Қапезовтер жақындарын жоғары наградамен марапаттағаны үшін Президентке ризашылық білдірді.

Бас Прокурор өз сөзінде Арман Қапезовтің прокуратура жүйесінде 24 жыл жұмыс істеп, жауапкершілігі мол және білікті басшы болғанын, өзінің әскери борышын соңына дейін абыроймен орындағанын атап өтті.

Марқұмның туыстарына арнаған сөзінде Ғ.Нұрдәулетов прокуратура органдары оның отбасын қолдауға қажетті барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Ол Арман Қапезовтің ерлік істері болашақ ұрпақ үшін, ең алдымен, прокуратураның жас қызметкерлері үшін әрдайым үлгі болатынын ерекше атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы