Қайырымдылық жобасы: Елордалықтар COVID-пен күресіп жатқан дәрігерлерге түскі ас жібере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді кез келген елорда тұрғыны қайырымдылық жобасының арқасында COVID ауруханасының дәрігерлеріне түскі ас жібере алады.

Астанадағы Künde әлеуметтік кафесі және Glovo компаниясы (Қазақстан) бірлескен қайырымдылық жобасын бастады. Жоба аясында COVID-пен күресіп жатқан дәрігерлер үшін түскі асқа тапсырыс беруге болады.

Künde кафесі 2016 жылы Назарбаев Университеті қалашығының базасында ашылды. Бұл кафеде психикалық ауытқулары бар адамдар жұмыс істейді. Қазір қызметте Нұр-Сұлтан психикалық денсаулық медициналық орталығында тіркеліп, арнайы оқудан және кәсіптік терапиядан өткен 15 қызметкер бар.

Жобаның негізін қалаушы, университеттің бұрынғы студенті Мәулен Ахметов он жылдан астам уақыт еріктілікпен айналысады. Бұл жұмыстың ерекшеліктерін түсіну және алғашқы тәжірибеден үйрену үшін Мәулен Техастағы Hugs әлеуметтік кафесі және Алматыдағы Training кафесімен байланыста болды. Олардың әлеуметтік бағыты Мәуленге елордадағы Психикалық денсаулық медициналық орталығымен бірлесіп осындай жоба жасауға шабыт берді.

Қазіргі таңда азаматтар ерекше адамдарды қоғамнан оқшаулаудың қажеті жоқ, керісінше, қоғаммен тұрақты қарым-қатынас олар үшін тиімді терапияға айналады деген қорытындыға келуде. Мұндай оңалту мүмкіндігі шектеулі жандардың үйде жасырынбай, қоғамда толыққанды өмір сүруге, еңбек етуге, мақсатына жетуге мақсатты түрде үйретілгенін білдіреді. Ол үшін біздің жоба құрылды. Біз 15 бойы жұмыс істеп келеміз, бірақ пандемия кезінде біз көптеген қоғамдық тамақтану орындары сияқты белгілі бір қиындықтарға тап болдық. 2020 жылы «Дәрігерлерге арналған түскі ас» жобасымен бірге біз COVID ауруханаларындағы дәрігерлерге 2 000-нан астам тегін түскі ас жеткіздік, - деп түсіндірді Мәулен Ахметов.

Ол аталған жобаға елордалықтар белсене атсалысатынына сенім білдірді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік - жалпы қоғамның өсуі мен дамуы үшін маңызды және қажетті бастама. Glovo қоғам үшін құндылық жасаудың бір бөлігі ретінде осындай бастамаларды қолдайды. Қазіргі таңда біз қиын кезеңдерді өткеріп жатырмыз. Сол үшін біз барлық тұтынушымызды және елорда тұрғындарын COVID ауруханаларындағы дәрігерлерге түскі асқа тапсырыс беру арқылы осы қайырымдылық жобасына қатысуға шақырамын, - дейді Қазақстандағы Glovo компаниясының бас директоры Карим Богуспаев.

Егер сіз жобаны қолдағыңыз келсе, ол ниетіңізді жүзеге асыру өте оңай. Glovo қосымшасының кез келген қолданушысы орналасқан жеріне қарамастан жобаға қатыса алады.

Егер сіз Künde кафесінің жанында болсаңыз:

- Künde кафесінде өзіңізге тапсырыс беріңіз;

- тапсырысқа 500 теңгеден көп кез келген соманы қосыңыз;

- ұйымдастырушылар ауруханалардағы дәрігерге ас әзірлеп, оны Glovo тұтынушыларының атынан жібереді.

Егер сіз Künde кафесінің жанында болмасаңыз және оның мекенін қосымшада көрмесеңіз:

- Künde кафесінен 5 км дейінгі радиустағы нүктені қолмен таңдаңыз (кафе Назарбаев Университетінде орналасқан, мекен жайы Қабанбай батыр, 53);

- қайырымдылық үшін соманы таңдаңыз;

- «алу» түймесін басыңыз;

- біз ауруханалардағы дәрігерге ас әзірлеп, оны Glovo тұтынушыларының атынан жібереді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы