«Қайсар» футбол командасы сатуға шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы 104 миллион теңгеге аукционға қойылды, деп хабарлайды Электрондық сауда-саттықтар тізілімінің порталы.
Биылғы футбол маусымын сәтсіз аяқтаған «Қайсар» командасы сатуға шығарылды. Клуб Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының меншігінде. Құрылтайшысы – Қызылорда облысының қаржы басқармасы.
Сауда-саттық түрі: сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Бастапқы бағасы – 104 миллион 223 мың теңге, кепілді жарна – 15 миллион 633 мың 450 теңге, аударылған үлес – 3 миллион 546 мың 81 теңге», - делінген мемлекеттік мүлік тізімінің электрондық сауда алаңында шығарылған ақпаратта.
Бірінші тендер осы жылдың 6 қазанында өтуі керек еді. Бірақ аукционға қатысушылардан өтінімі түспеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы