«Қайсар» африкалық футболшыны қатарына қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурунди елінің жүйрік шабуылшысы Бонфиль-Калеб Бименьимана «Қайсар» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Meta-ratings.kz.

Африкалық ойыншы Еуропаға 2019 жылы көшіп, Латвиялық РФШ-пен келсімшарт жасады. Сол кезден Бименьимана литвалық «Атлантас», словакиялық «Погронье» құрамында ойнап, РФШ сапына қайта оралып үлгерді. 

23 жастағы шабуылшы Бурунди құрамасының да намысын қорғайды. Ол өз елінің құрамасы сапында 13 ойын өткізіп, 1 гол авторы атанды. 

Қызылордалықтар осында типтегі, яғни бойшаң (194 сантиметр), қымбат емес және жас шабуылшыны ұзақ іздеді. Ойыншыны қатарға қосу туралы соңғы шешімді «Қайсар» бас баспкері Владимир Никитенко қабылдады.

Бименьимана Қызылордаға апта соңына дейін келуі керек. 

Қоса кетейік, «Қайсар» 19 турдан кейін, ҚПЛ турнир кестесінде 15 ұпаймен, 14 орынның ішінде 13-орында тұр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы