Қайсанов Дағыстандағы халықаралық сында жүлдесіз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дағыстанның Каспийск қаласында еркін күрестен Али Алиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарысқа қазақстандық балуандар да қатысып жатыр. 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Қайсанов жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ол қола жүлде үшін күресте ресейлік Магомед Курбаналиевпен кездескен болатын.
Белдесу 5:7 есебімен ресейлік спортшының пайдасына шешілді.
Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Нұрқожа Қайпанов іріктеу кезеңдерінде ұтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысының полицейлері алаяқтықты әшкереледі
Өзгелердің жаңалығы