«Қайратқа» Германиядан шабуылшы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының «Қайрат» клубы жаңа шабуылшымен толықты. Германиялық Штрели Мамбу ел чемпиондарымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Мамба 1994 жылы 17 маусымда Германияның Гёппингене қаласында дүниеге келген. Алаңда орталық шабуылшы ретінде ойнайды. Керек кезде қос қапталда да ойқастай алады.
Жасөспірім кезінде «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» секілді клубтарда ойнаған. Кәсіби карьерасын 2013 жылы «Хомбург» сапында бастаған. Сонымен қатар «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Зандхаузен» және «Энергиде» ойнаған. Соңғы жылдары «Падерборнде» өнер көрсетті.
Өткен 2019-2020 жылғы маусымда Бундеслига 24 матчқа қатысып, 5 гол соққан (2 нәтижелі пасы бар). 24 матчтың 18-інде негізгі құрамда ойнаған. Жалпы, спорттық карьерасында Германияның әр түрлі лигаларында 199 матчта 65 гол соққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы