Алагөзованың құдағиы басқаратын институтқа айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.
14 сәуірден бастап Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-де науқастар мен медициналық қызметкерлер арасында жаппай коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның есебі бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Ол медициналық мекемеге жататындықтан, жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Аурудың ошағы бақылаудан өтті. 1 мамырда ең соңғы науқас тіркелді, - деді ол.
Есмағамбетова санитарлық талаптарды бұзушылық анықталғанын айтты.
Онкологиялық институт заңды тұлға ретінде бұзушылықтарға қатысты 230 АЕК айыппұл салынды. Оның жетекшісі орнында қалды. Себебі заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Ол жетекші мен ұжымға жүрмейді. Жетекші бойынша сұрақ ол бөлек әңгіме. Ол тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша қаралады. Яғни әкімшілік бұзушылықтар аясында емес, - деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын Диляра Радикқызы Қайдарова 2016 жылдан бастап басқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азия чемпионаты: Боксшылардың дайындығынан фоторепортаж
Өзгелердің жаңалығы