Қай спортшылар мен командаларға елден кіріп-шығуға рұқсат етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Спортшылардың барлығына бірдей шетелге шығуға тыйым салынған жоқ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
Ведомствоаралық комиссияның 13 қазандағы хаттамалық шешімі негізінде «Астана» президенттік баскетбол клубының мүшелеріне ВТБ Біріккен лигасының чемпионатына қатысу үшін елден шығып, қайта оралуға рұқсат етіледі. Бұл шешім ВТБ Біріккен лигасының чемпионат матчтары кезінде санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлегенін ескере отырып қабылданды, - дейді Ақтоты Райымқұлова.Оның айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралардан бас тартқан жағдайда командаға айыппұл салынып, чемпионатқа қатысушылар қатарынан шығарып жіберуі мүмкін.
Қазақстанның футболдан үш жас деңгейі бойынша құрамасы УЕФА-ның іріктеу кезеңдеріне қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасы, 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы және Қазақстанның әйелдер құрамасы бар. Бүгінгі таңда аталған командалардың матчтарға қатысу кестесі жасалды. УЕФА талаптарына сәйкес, Қазақстан құрамасы бірқатар жолдастық кездесу өткізуі керек, әйтпесе регламентке сәйкес айтарлықтай шектеуге ұшырайды. Ведомствоаралық комиссия хаттамасының 20 шілдедегі шешіміне сәйкес, 2020 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына қатысу үшін ұлттық, жастар және әйелдер құрамасына УЕФА-ның Ұлттық лигасында және жастар арасындағы Еуропа чемпионатына қатысу мақсатында елден кіріп, шығуға рұқсат етілген, - деді министр.
Сонымен қатар, «Барыс» хоккей клубына да елден кіріп-шығуға рұқсат етілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өңір шаруалары көкөніс жинау науқанын аяқтауға жақын
Өзгелердің жаңалығы