Қаулы: Астаналық қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы шығарды.
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенова, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары енгізілетін инфекциялық аурулардың, оның ішінде пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы "Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" № 68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің төмендеуін және Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының «сары аймағына» ауысуын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН - делінген бас дәргердің қаулысында.
Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.