Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қызметкері қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен; Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.Сонымен қатар Елбасының шешімімен Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне; Данияр Нұрашұлы Есин Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемен әкімі маска тақпағаны үшін айыппұл төледі
Өзгелердің жаңалығы