Қатты аязға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында аязға байланысты дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖД мәліметінше, үш тасжолда шектеу енгізіледі. 

7 қаңтар сағат 18.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, Алматы-Екатеринбург (1070-1142 шақырымда) Теміртаудан Ақмола облысына дейін дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынады, - деді ТЖД өкілдері.

Одан бөлек, 7 қаңтар сағат 18.00-ден бастап қатты аязға байланысты Қызылорда-Павлодар тасжолында (1066-1135 шақырым) Молодежны ауылынан павлодар облысының шекарасына дейін, Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау тасжолында (104-51 шақырым) Нұра ауылынан Ақмола облысына дейін дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы