4 Наурыз 2022 2022, 08:30
Катовицеден Нұр-Сұлтанға үшінші рейспен 131 жолаушы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары мінген үшінші ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары мінген үшінші ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Азаматтар алдымен Украина жерінен Польшаға эвакуацияланды. «Эйр Астана» ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.55-те Катовицеден ұшып, Нұр-Сұлтан әуежайына 02.54-те келді. Бортта 131 жолаушы болған, оның ішінде 20-сы бала, – деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл рейспен Қырғызстанның екі азаматы келген.