Катонқарағайдағы фототұзаққа ерекше жануарлар түсіп қалды
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Катонқарағай ұлттық паркінің тылсым табиғатынан әсерлі сәттерді көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Чернова орманшылығында жаз айларында орнатылған фототұзақты тексеру кезінде ерекше қонақтар – марал мен суыр түсіп қалды! Бұл кадрлар табиғаттың таңғажайып әлемін жақыннан сезінуге мүмкіндік береді. Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің соңғы мәліметтері бойынша, ұлттық парк аумағында 440 марал және шамамен 9 мың суыр мекендейді. Табиғатты қорғау – біз үшін ғана емес, келешек ұрпақ үшін де маңызды! - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы