Катонқарағайда аю мен ілбіс фототұзаққа түсті

Ұлттық парк қызметкерлері Қызыл кітабқа енгізілген жануарлардың фотосуреті мен бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Altaynews жазды.

Сондай-ақ өткен жылы Сібір тау ешкісі мен Алтай ұлары кадрға түсіпті.

Ұлар жүрген жерде қар барысы жиі ұшырасады. Сондай-ақ аюлар фототұзаққа үнемі ілігеді. Қонжықтар қатты қорыққандықтан камераны тарпып, құлатып та кетеді. Жалпы бұл кадрлар парк аумағындағы ерекше қорғалатын жануарлардың жағдайы жақсы екенін көрсетеді, – дейді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы