Катонқарағай ұлттық паркінде өртке қарсы жаттығулар өтті
Катонқарағай МҰТП Алтай орманшылығының аумағында «Жасыл Алтай – 2024» жыл сайынғы өрт-тактикалық жаттығулары өтті. Оған шекаралас орман шаруашылықтарының командаларымен бірге Ресейдегі қорық қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаттығуларға 20 команда қатысты олар: Катонқарағай МҰТП құрылымдық бөлімдерінен 11 команда, Ресей Федерациясының «Катунь» биосфералық қорығы, шекаралас орналасқан Үлкен Нарын, Зырян орман шаруашылықтары, Марқакөл қорығы және Батыс Алтай қорығы, Самар және Кіші Уба орман шаруашылықтары, Катонқарағай әуеден орман қорғау бөлімшесі, ӨСБ-27 командалары
Соңғы жылдары жаттығулар жарыс түрінде өтіп жатыр. Орман өртінде қолданылатын техника, құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, түрлі сайыстар ұйымдастырылады, – деді Катонқарағай МҰТП бас директоры Жанболат Тыныбеков. – Сондайқ-ақ, өртті әуеден барлау қызметкерлері теориялық оқыту жұмыстарын жүргізді, адамдарды тасымалдау, әуеден су бүрку тәсілдерін көрсетті.
«Жасыл Алтай-2024» өрт-тактикалық жаттығуларының қорытындысы бойынша І орынды Чернова орманшылығы, ІІ орынды Алтай орманшылығы, ІІІ орынды Шыңғыстай орманшылығы иеленді.