Катонқарағайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы халықаралық семинар өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Катонқарағайда халықаралық семинар басталды. «ЮНЕСКО биосфералық резерваттары: теория және тәжірибе» тақырыбымен ашылған басқосу үш күнге созылады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Орталық Азия мемлекеттері және Ресейдегі барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атынан келген жастар Алтайдың етегінде өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Сәкен Ділдахмет мұндай басқосуларда теориялықтан гөрі тәжірибелік дүниелердің нәтижесі көбірек болатынын айтты.

Жалпы ЮНЕСКО қанатының астында ерекше қорғалатын биосфералық резерваттардың саны Қазақстанда оннан асады. Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бұл тізімге 2014 жылы кірген.

Қырғызстаннан келген Айбек Джолдошбековті Қазақстанның табиғатты қорғау жұмыстары қалай жүзеге асырылатыны қатты қызықтырады екен. Ал Өзбекстаннан келген Абдушохит Жумобаев екі елдің жұмыс тәсілдерін салыстырып көргісі келеді.

Семинарға сонымен қатар БАҚ өкілдері және туризм, табиғатты қорғау тақырыптарын қозғап жүрген белсенді блогерлер қатысып жатыр

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы