Катардан келген гуманитарлық көмек сатылып жатыр ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде Катар елінен гуманитарлық көмек ретінде келген препараттар дәріханаларда сатылып жатыр деген жазба жарияланды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Короновирустық инфекция және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы" онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Вице-министрдің айтуынша, Қатардан дәрі келмеген. Тек жеке қорғаныш құралдары гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген.

Иә, Facebook әлеуметтік желісінде осындай жазба жарияланды. Онда "Qatar Airlines" деген жазуы бар қораптарды көргені жазылған және мұны Қазақстан Республикасына келген гуманитарлық көмек деп топшылаған. Сол көмек сатылып жатыр деп ойлаған. Иә, негізінде Катар елінен гуманитарлық көмек келді. Ол әзірге бірыңғай дистрибьютер қоймасында сақтаулы. Бізге жеке қорғаныш құралдары: костюмдер, көзәйнектер, маскалар, бахилдар келді. Дәрілік заттар келген жоқ. Заттарды таратуға біраз уақыт кетті. Себебі бұл өнімдердің сапасын растайтын құжат болмады. Сондықтан өнімді шығарған елге заттардың сапасын анықтау, растау үшін өтінім жолдадық. Қазір бәрі реттелді. Жақын арада бірыңғай дистрибьютер медициналық ұйымдарға таратады. Әзірше келген тауар қоймада тұр. Ешқайда шығарылған жоқ, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы