Катарда бірегей спорт музейі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада бірегей музей ашылды, деп хабарлады «Хабар 24».
Онда спорт әлеміне қатысты 17 мың жәдігер жиналған. Атап айтсақ, музейде кубок пен медальдар, атақты Михаэль Шумахердің көлігі, ямайкалық бобслейшілердің шаңғысы секілді бағалы заттар сақталған.
Тіпті бағзы заманда майя тайпасы қолданған ойын сақиналары да осында орын тапқан. Ал бір зал түгелімен әр жылдары жасалған олимпиадалық алауларға арналған. Жалпы соңғы уақытта Катарда мәдени нысандар көп ашылып жатыр.
Осылайша аталған мемлекет футболдан өтетін әлем чемпионатына барын салып, дайындалуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әділет министрі журналистердің Сенаттың жертөлесінде жұмыс істеуіне қатысты пікір білдірді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы