Катарда 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған вакцина мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катарда 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат берілді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Жыл басынан бері Катарда коронавирус ауруының өсімі тіркелді. Өткен тәулікте елде аурудың 4 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Биыл Катарда футболдан әлем чемпионаты өтеді.

Ал Италияда екі жасар қыз ковидтің салдарынан қайтыс болды. Науқасты шұғыл тасымалдау үшін Италия әуе күштерінің ұшағы қолданылды. Мамандар жас буын арасында коронавирустық инфекцияның көбеюін атап өтті. Елде жұқтырған әрбір үшінші адам - 19 жасқа толмаған.

Жапонияда коронавирустық инфекцияның тәуліктік рекорды тағы бір рет жаңартылды. 84 942 жағдай анықталды. Сонымен қатар, Түркияда пандемия басталғаннан бері инфекциялардың ең көп саны тіркелді— 94 783 жағдай.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы