Катализаторсыз автобустар Алматының ауасын ластап жатыр ма?

Алматының коммуналдық автопаркі Zhong Tong маркалы 113 автобустың катализаторсыз жүргенін растады. Олар желіден алынып немесе резервке жіберілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қалалық автобустардың жартысына жуығы катализаторсыз жүр деген ақпарат тараған еді. Бұл құрылғылар көлік шығаратын газдарды зияны аз қосылыстарға айналдырады және құрамында бағалы металдар болғандықтан қымбат тұрады.

"Алматыэлектротранс" кәсіпорнының хабарлауынша, қалада күн сайын 903 автобус жолға шығады.

2022 жылдың басынан бері ішкі қауіпсіздік қызметі мен экология департаменті бірігіп катализаторлардың жоқтығының 274 жағдайын анықтады. Бұл көбінесе ұрлықтар мен техникалық себептерге байланысты. Барлық фактілер бойынша полицияға арыз түсті. 113 Zhong Tong автобусы желіден алынды немесе резервке ауыстырылды, – деді  компанияда.

Компания мәліметінше, баррлық автобус газбен жүреді, және олардың басым бөлігі Евро-5 экологиялық стандартына сай келеді. Бұл стандарт азот тотығы мен күйе шығарындыларын Е-4 деңгейімен салыстырғанда бес есе, ал Е-3 деңгейімен салыстырғанда 10 есе азайтуға бағытталған.

2024 жылы №1 және №2 автопарктеріндегі 600 автобус өндіруші компанияларға аутсорсингке берілген. Қазір "Алматыэлектротранс" дәл осындай сатып алу рәсімдерін №3 және №6 парктердегі Golden Dragon автобустарына қатысты жүргізіп жатыр.

Сатып алу аяқталғаннан кейін автобустардың техникалық жағдайы мен экологиялық нормаларды сақтау жауапкершілігі өндірушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жүктеледі. Олар анықталған барлық ақауларды жоюға міндетті, – деді компания өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы