Қасымов: Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан жарық жұлдыздай жарқырайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қайраткері Ғани Қасымов Қазақстанның бас қаласы туралы өз әсерімен бөлісіп, қала тұрғындарының  өркендеуіне қосқан үлесі туралы айтты.

Ғасырлар тоғысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты астанасын таңдау туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе Үкіметтің барлық деңгейлерінде ұзақ уақыт талқыланып, мамандар мен тұрғындар да өз ойларын қосты. Ол кезде Елбасының шешімі тұтас жүзжылдықтар белесінде, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер кезінде өте маңызды саяси шешім болатын. Сол кезде бұл шешімнің дұрыстығына сенген адамдар да, скептиктер де болды. Бірақ қазіргі кезде Қазақстанның астанасы Нұр-сұлтан қаласының жарық жұлдыздай жарқырап тұрғанын көріп отырмыз. Менің ойымша, біздің қала астана күнін жоғары деңгейде атап өтеді. Алматылықтар астананы көшіру мемлекетіміздің стратегиялық, геосаяси мүддесі екенін түсінді, - деді ол.

 Ғани Қасымов қала тұрғындарының мемлекеттік жүйе үшін негізгі кадрлық құрам құрғанын, астананы дамыту үшін біраз жылдар бойы еңбек еткенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы