Қасымбек: Кеншілерге 13-жалақы тұрақты түрде төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты 8 шахтаның барлығында кеншілерге жыл соңында 13-жалақы төленеді. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz.
Облыс әкімінің хабарауынша, кеншілердің талабын қарастырған Келісім комиссиясы отырысында шахтерлердің айлығын жыл сайын елдегі инфлияция деңгейіне байланысты индексациялау туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, бұрын компанияның жылдық жұмысы мен табысының нәтижесіне байланысты ғана көктемде төленіп келген 13-жалақыны алдағы жылдың қаңтар айынан бастап тұрақты төлеу туралы келісім жасалыпты.
Бұрын 13-жалақы компания жылды табысты қорытындылаған жағайда ғана көмектемде төленетін еді. Енді, жаңа келісімге сай компания табыс көлеміне қарамастан, әр жылдың басында кеншілерге 13-жалақы төлейтін болды, - дейді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, Келісім комиссиясында кадр тапшылығы мәселесі де қарастырылған. Ол бойынша, компания ай сайын жаңадан жүздеген адамды жұмысқа алуы тиіс. Бұл компанияға қарасты 8 шахтадағы мамандар тапшылығы толық шешілгенше жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы