Каспийге батқандарды құтқарған әскери теңізшілер марапатталды
Теңізшілерді Ақтау портында әскери үрмелі аспаптар оркестрімен салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теңізшілерді Ақтау портында әскери үрмелі аспаптар оркестрімен салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Қорғаныс министрі атынан кеме командирі Нұрбек Талғатқа және жеке құрам мен барлық экипажға көрсеткен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ штурмандық жауынгерлік бөлім командасының старшинасы аға матрос Әзімхан Әмірхановқа грамота мен бағалы сыйлық табыс етті. Жоғалған адамдардың орнын тез және дәл анықтауға оның гидрометеорологиялық жағдайды түсіндіру және техникалық құралдармен сенімді жұмыс істеу қабілеті көмектесті. Радиолокациялық станцияның көмегімен теңіз секторын зерттегеннен кейін ол теңізде жоғалған адамдарды іздеп тапты, - делінген ведомство хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, жоғалған азаматтар туралы хабарлама Әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлынан сағат 20.00 шамасында келіп түскен болатын. Төрт сағаттан соң жоғалған спортшылар кемеге көтерілді. Олар жағалаудан 5-6 миль қашықтықтағы "Жартасты" мүйіс аймағынан табылды.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55