Каспийдің толқыны: теңізде сапбордпен жүзіп жүрген жасөспірімді ағыс алып кеткен
Каспий теңізінде сапбордпен жүзіп келе жатқан жасөспірімді ағыс алып кеткен. Оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Ақтау портының маңында болған.
Ағыс Каспий теңізінің жартасты жағалауына қарай алып кеткен. Ол жағажайдан шалғай аумаққа келіп тоқтап, төрт сағатқа жуық уақыт бойы жартастардың үстінен өз бетімен жағаға шықпақ болған, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жасөспірімді "Теңіз Жасағы" АҚ теңізде құтқару жасағының қызметкерлері байқап қалған. Құтқарушылар оны жағаға шығарып, су беріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Балаға медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вьетнамға жиі баратын болсаңыз, біле жүріңіз!
Өзгелердің жаңалығы